$458.57 €501.54 ₽5.57

«Сабах» пен «Барселона» матчы кезінде ресейлік жанкүйер көз жұмды

26.11.2026ж. 17:07
«Сабах» пен «Барселона» матчы кезінде ресейлік жанкүйер көз жұмды
© Shutterstock / FOTODOM / Farid Asadzade

Ресей азаматы 25 қараша күні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында өткен «Сабах» пен «Барселона» арасындағы ойын кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды AstanaTV.

Vesti.az басылымының хабарлауынша, матчты тамашалап отырған жанкүйердің жағдайы кенеттен нашарлап, ер адам стадионда жан тапсырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанкүйердің өліміне жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.