$458.85 €503.5 ₽5.59

Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жол жабылды

26.11.2026ж. 21:02
Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жол жабылды
Фото: pixabay

Ақтөбе облысында ауа райына байланысты республикалық трассаның бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды AstanaTV.

26 қараша сағат 20:00-ден бастап «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы» автожолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Атап айтқанда, жолдың 776–965 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ кентінің арасы) жабылады.

«ҚазАвтоЖол» ақпаратынша, ауа райының бұзылуына байланысты аталған бағытта жүк көліктеріне, жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерге және қысқы дөңгелекке ауыспаған жеңіл автокөліктерге жүруге тыйым салынды.

Жолды 27 қараша күні таңғы сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Тасжолдардағы ахуал туралы тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады.