Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Санкцияға іліккен Русалмен 3 жылға келісім бар - ИДМ

AstanaTV
18.04.2018ж. 20:00
2793
Санкцияға іліккен Русалмен 3 жылға келісім бар - ИДМ

Ресеймен жұмыс істейтін компаниялардың жұмысын әртараптандыру үшін, мемлекеттік қолдау керек. Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Тимур Тоқтабаев осылай деді. АҚШ-тың санкциясына іліккен ресейлік Русал компаниясына отандық ERG жылына 1 млн тонна алюминий шикізатын экспорттайды. Келіссөз 18 жылға жасалған. Алда бұл мерзімнің әлі үш жылы бар. Осы үш жыл ішінде шикізатты экспорттайтын жаңа бағыттар қажет. Немесе отандық компаниялар өз қызметі мен бағытын әртараптандыру, яғни Ресейден де басқа нарық табуы қажет, - дейді Тоқтабаев.

Тимур Тоқтабаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

Осы аралықта оны алмастыруды қарастыру керек. Көптеген контрактілер жылдың соңында жасалады. Жылдың басында басқа нарықтарға сата алмайсың. Русалға экспортталатын көлем бойынша көмектесу жолдары қаралады.