$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралдық жылу орталығының "ҚазТрансГазАймаққа" қарызы 1 миллиард теңгеден асты

AstanaTV
18.04.2018ж. 20:00
2314
Оралдық жылу орталығының "ҚазТрансГазАймаққа" қарызы 1 миллиард теңгеден асты

Оралдық жылу орталығының "ҚазТрансГазАймаққа" қарызы 1 миллиард теңгеден асты. Газ таратушы компания жылу орталығын көгілдір отыннан ажырататынын тағы ескерткен. Қазір екі мекеме арасындағы мәселе сотта қаралып жатыр. Ал, тұрғындардың жылуға  берешегі 800 миллион теңгеден асқан. Соған қарамастан "Жайық жылу орталығы" 2 жылу магистралі мен жылу қазандықтарын жөндеуге кірісті. Өйткені бұл қондырғылардың тозығы жеткен, деді орталықтың бас директоры Мұрат Бәйменов. Жөндеу жұмыстары басталғандықтан, қалада 119 тұрғын үй мен 50 әлеуметтік нысан ыстық сусыз қалды. Жөндеу жұмыстарына "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша 1,8 млрд теңге бөлінген.

Мұрат Бәйменов, «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры:

Алашағымыз 1 млрд-ты құраса, берешегіміз де 1 млрд болып тұр. Біздің алажағымыз толықтай біздің бережағымызды жауып тұр. Қаланың орталығында 119 үй ыстық судан айрылып отыр. Бұл енді тұрғындарға қиындық туғызатынын түсінеміз. Өзіміз де сол халықтың ортасында тұрып жатырмыз.

Жылу ақысын төлемеген тұрғындардан қарызды қайтару жұмыстары қарқын алған. Борышкерлердің жалақысы мен зейнетақысының елеулі бөлігі ұсталып, банктегі есепшоты бұғатталады.

Сонымен қатар 816 пәтер арестке қойылып, 77 көліктің қозғалысына тыйым салынған. Бұл аздай 262 борышкердің шетелге шығуына тыйым салынды. Жылуберушілер стратегиялық маңызды мекеменің жұмысын тоқтатпау үшін осындай қадамға барғанын айтады. Газберушілер жылу орталығын былтыр бес рет газдан ажыратқан.