Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстанда 40 мыңнан астам туындының электронды нұсқасы пайда болды

AstanaTV
18.04.2018ж. 20:00
3014
Қазақстанда 40 мыңнан астам туындының электронды нұсқасы пайда болды

Көптеген авторлар шығармаларын электронды нұсқаға көшіруге рұқсат бермейді. Бұл мәселе Атырауда өткен «Кітапханадан ағарту орталықтарына: жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» атты республикалық форумда көтерілді. Жиналғандар электрондық кітапхана ісі туралы арнайы заң қажет дейді. Жиында кітапханалардың иммиджін көтеру, мәдени мұраны баршаға қол жетімді ету мәселесі қозғалды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 200 мыңнан астам туынды ұлттық электрондық кітапханаға тіркелуі тиіс.

Форум қатысушыларының бірі Ақтөбедегі арнаулы кітапхананың директоры Гүлстан Хамзина. Кітапхана саласындағы түрлі шаралардан қалмауға тырысады. Тәжірибе алмасып, өзгелерден үйренуден ұтарымыз мол,- дейді. Бүгінде заман талабына сай бұл салада еңбек ететіндерге талап күшейген.

Гүлстан Хамзина, Ақтөбе облыстық арнаулы кітапханасының директоры:

Кітапханаға деген адамның өзінің келгісі келетіндей жағдай жасауға тырысып жатырмыз.  + Әрине түкпір-түкпірдегі, ауылдық кітапханаға жете қойған жоқ қой.  Десек те дайындық шаралар жүріп, облыстық кітапханалар алға кетіп, электрондық каталог, кітапты цифрлық жүйеге көшіру жақсы қарқында жүріп жатыр.

Сондай-ақ, аймақтардағы сандық форматқа көшірілген шығармалар ұлттық электрондық кітапханада жинақталып жатыр. Оның ішінде кітаптар ғана емес, аудио, бейне файлдар да бар. Қазірдің өзінде ел аумағында 40 мыңнан астам туынды электрондық жүйеге көшірілген. «Рухани жаңғыру» аясындағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған жобаның жетекшісі, авторлар өз шығармаларын сандық жүйеге көшіруге рұқсат бермей отырғанын айтты. 

Нұржан Жолдыбалинов, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының орынбасары:

Өйткені айтады мына кітапты 5-10 жылдан кейін беремін, бірақ қазір бере алмаймын сөздер айтады. Көп авторлар түіністікпен қарайды. Өйткені жастарға мұра .

Форум аясында секциялық жұмыстар инновациялық кітапхана қызметін ұйымдастыру, жаңа формат, кітапхананы ағарту орталықтарына айналдыру, ақпараттық технологиямен жұмыс жасау мүмкіндіктерін талқылады. Кітапханашылар электрондық кітапхана ісі туралы арнайы заң қабылдайтын уақыт келді,- дейді. Жалпы Атырауда 155 кітапхана бар, оларда 2 млн 300 мыңнан астам кітап қоры сақтаулы. Әзәрге электронды форматқа 1135 дана кітап пен құжат көшкен.

Базаргүл Нәдірқызы