ОСК мәліметінше, ел бойынша сайлаушылардың 12,31 пайызы таңғы сағат 10:00-ге дейін дауыс берген, деп хабарлайды Astana TV.
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 12,31 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
ОСК мәліметінше, өңірлердегі дауыс беру көрсеткіштері аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала деректер негізінде қалыптастырылған.
Сайлаушылардың белсенділігі бойынша Ақтөбе облысы алдыңғы қатарда. Мұнда тіркелген сайлаушылардың 16,49 пайызы дауыс берген. Одан кейін Қызылорда облысы – 16,33 пайыз және Түркістан облысы – 15,32 пайыз көрсеткішке ие.
Жетісу облысында сайлаушылардың 14,24 пайызы, Қарағанды облысында 14,01 пайызы, Шығыс Қазақстан облысында 14,37 пайызы дауыс берген. Алматы облысында бұл көрсеткіш 13,53 пайызды құрады.
Қалған өңірлердегі көрсеткіштер төмендегідей:
Абай облысы – 12,56%;
Ақмола облысы – 12,04%;
Атырау облысы – 11,86%;
Батыс Қазақстан облысы – 11,85%;
Жамбыл облысы – 12,83%;
Маңғыстау облысы – 13,02%;
Павлодар облысы – 10,91%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 10,82%;
Ұлытау облысы – 12,97%.
Ал ірі қалалар арасында Астанада сайлаушылардың 9,93 пайызы, Алматыда 6,41 пайызы, Шымкентте 12,67 пайызы дауыс берген.
Айта кетейік, 29 қарашада Қазақстанның барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.