$458.13 €502.29 ₽5.58

Қызылорда облысында 105 жастағы ардагер сайлауда дауыс берді

Қызылорда облысында 105 жастағы ардагер сайлауда дауыс берді
Қызылорда әкімдігі

Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Ол Сырдария ауданының Тереңөзек кентіндегі №155 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Astana TV.

105 жастағы ардагер Қазақстанға бірлік, ал келер ұрпаққа жарқын болашақ тіледі. Сонымен қатар азаматтардың сайлауға қатысуының маңызын атап өтті.

Яхия Тасыров – Қызылорда облысында көзі тірі қалған жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері.