Сағат 20:00-дегі мәлімет бойынша, сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс берген
Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауына қатысқан азаматтардың үлесі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 58,55 пайыз болды. Мұндай мәліметті Орталық сайлау комиссиясы жариялады, деп хабарлайды Astana TV.
Аумақтық сайлау комиссияларының дерегіне сәйкес, ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді – 77,58%. Одан кейін Ақтөбе облысы – 75,69% және Жетісу облысы – 74,09%.
Қызылорда облысында сайлаушылардың 71,58%-ы дауыс берді. Абай облысында бұл көрсеткіш 68,22%, Шығыс Қазақстан облысында 65,48%, Солтүстік Қазақстан облысында 62,75% болды.
Жамбыл облысында сайлаушылардың 61,92%-ы, Маңғыстау облысында 61,86%-ы, Алматы облысында 60,41%-ы, Павлодар облысында 60,23%-ы дауыс берді.
Қалған өңірлердегі көрсеткіштер:
Қостанай облысы – 57,14%;
Қарағанды облысы – 56,42%;
Ақмола облысы – 56,08%;
Батыс Қазақстан облысы – 55,27%;
Ұлытау облысы – 54,61%;
Атырау облысы – 54,16%.
Республикалық маңызы бар қалалар арасында Шымкентте сайлаушылардың 44,72%-ы, Астанада 42,92%-ы, Алматыда 37,70%-ы дауыс берген.