Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Н.Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

AstanaTV
19.04.2018ж. 20:00
2709
Н.Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

"Самұрық-Қазына" басқару деңгейлерін қысқарту қажет. Бүгін Ақордада ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес жиынын өткізген Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Қор компанияларын басқарудың көп деңгейлі жүйесі әлі күнге дейін бар. Бұл шешім қабылдауды күрделендіреді оған қоса, саны көп әкімшілік-басқарушылық қызметкерлерді ұстау үшін қыруар қаржы қажет етеді, деді Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ Қордың активтерін жекешелендіру жөніндегі жұмысты жалғастыру маңызды екенін, бұл бағдарламаға шетелдік инвесторлар зор қызығушылық танытып отырғанын айтты. Жиын соңында президент «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының 2018-2028 жылдарға арналған жаңарған Даму стратегиясын және Қорды трансформациялау бағдарламасын мақұлдап, оның әрі қарай жүзеге асырылуын ерекше бақылауды тапсырды.