$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Екінші деңгейлі банктерді сауықтыру жөніндегі Ұлттық банк бағдарламасы тоқтайды...

AstanaTV
21.04.2018ж. 20:00
2812
Екінші деңгейлі банктерді сауықтыру жөніндегі Ұлттық банк бағдарламасы тоқтайды...

Президент апта ортасында Ұлттық банк өкілдерімен кездесіп, 2017 жылдыңесебін тыңдаған, Назарбаев екінші деңгейлі банктерді сауықтыру жөніндегі Ұлттық банк бағдарламасы тоқтайтынын мәлімдеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Биылғы жылы Ұлттық Банктің нашар көрсеткіш берген банктерді сауықтыру бағдарламасы жабылатын болады. Акционерлер тиімсіз басқарғандықтан, бұл банктер теріс көрсеткіштер көрсетіп отыр. Олар қарыздарды көбейтіп, салымшыларға олардың міндеттемелерін орындауларын да қамтамасыз ете алмайды. Бұл жағдайдан шығу жолы қандай? Осы банктерді сақтаудың жолы кеткен ақшасын қайтару үшін, акционерлер өздерінің қаржысын салу қажет.

Былтыр ақпанда үкіметтің кеңейтілген жиынында Президент «Банктер әлсіз... Біріккендері жөн. Ал акционерлер банкті сақтап қалғысы келсе, өз ақшасын салсын. Банкті сақтап қалудың бұдан өзге жолы жоқ. Экономикаға қерек емес болса, демек олардың өмір сүруге де құқығы жоқ» деп мәлімдеген. Сол былтырғы жиналыста ақпарат құралдарында Ұлттық банк басшылығына «тиісуді» байқағанын айтып, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевке «ешкімнен қорықпауға» кеңес берген. Президент«Бұл қазір осында, осы залда отырған акционерлер мен демеушілердің әрекеті» деген болатын.

Н.Назарбаевтың 3.02.2017 жылғы үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқаны: «Бұл қазір осында, осы залда отырған акционерлер мен демеушілердің әрекеті».

Ірі банктердің көбі лауазымды қызметтегі шенеуніктер, олардың туыстары, ықпалды қаржы-өнеркәсіп топтарымен байланысты екені құпия емес.Банктерге мемлекеттен ақша былтыр бөлінгенде экономист Мағбат Спанов «Бұл банктерге бір реттік көрсетілетін көмек болмауы тиіс, банк жүйесі жұмыс істеп кетуі үшін билік тиісті механизмдер қарастырып, ары қарай өсімді қамтамасыз ететін шаралар базасын құруы тиіс» деген, ақпарат құралдарына берген комментарийінде. Экономистің пікірінше, жүйе құрушы бір банктің күйреуі «елді мүлде артқа лақтырып» және «бүкіл экономиканы тұралатып тастауы мүмкін».

Бизнес пен экономика этиканы білмейді. Ептілеу және белден басатын секторлар ұтады. Мен болсам [банктерді] құтқармай, қуана-қуана құрдымға жіберередім. Ақша «салық төлеушілердің арқасында байып жатқан оңбаған банкирлердің» қалтасына кетіп жатқанына жеке басым үзілді-кесілді қарсымын, - деген ол. Биыл да тура сол әңгіме қайталанды. Президент «мемлекет үш триллион теңгеден астам қаражат бөліп, банк жүйесіне бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетті», деп, енді олай болмайтынын айта келе, бұл жолы парламент депутаттарына ҰБ төрағасын «сілкілеуді» доғарыңдар, деді...

2009 жылы билік «қаржы секторын тұрақтандыруға» деп төрт миллиард доллар мемлекет ақшасын бөлгенін ұмытпаймыз. Кезінде кейбір ақпарат құралдарысол кезде мемлекет меншігіне өткен БТА Банкті «құтқаруға», оның қарыздарын қайта құрылымдауға миллиардтаған доллар жұмсалды деп хабарлаған. Әлгі «құтқару» процестерінің қалай жүргізілгенін кім біледі?.. Сәрсенбідегі отырыста Президент Astana bank, Qazaq banki және Эксим банктің жұмысын өте нашар деп бағалап, акционерлері мен басшыларын сынады. Тіпті бұл банктердің салымшылар алдында қарызы бар, деді. «Интерфакстың» хабарлауынша, бейсенбіде Астана банктің басқарма төрағасы Ескендір Майлыбаев Алматыда өткен баспасөз мәслихатында банктерін ҰБ –ң жоспарға сай тексеріп жатқанын айтқан. Сөйтіп банктің қалыпты жұмыс істеп отырғанын, банктен ақша алып кету байқалмайтынын жеткізген. Ал Qazaq bank-ң «кейбір көрсеткіштердің нашарлауы 2013-2016 жылдары берілген сапасыз кредиттерге байланысты, ол кезде банкті Ж.Ертаев, Б.Ибрагим қойған адамдар басқарған, несиелер де Ертаев пен Ибрагимге байланысты тұлғаларға берілген», дегенін Тенгриньюс порталы таратты. Олар да банктің «сауығуы» үшін жұмыс істеп жатқандарын, банктің қазіргі капиталы ҰБ талап ететін межеден артық екенін айтқан. Алайда кеше түстен кейін аталған портал Жомарт Ертаевтың "аң-таң" болып отырғанын хабарлады. Ол Qazaq banki-ң не акционері, не басқарма құрамында болмағанын айтып, елде тұрып жатпаса да құқық қорғау органдарына шағымданатынын жеткізген. Жала жабу айыбы бойынша...