Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданының әкімдігі былтыр 26,9 яғни 27 млн дерлік теңгеге Toyota Land Cruiser 200 автомобилін сатып алған. «Уральская неделя» газетінің журналистері бұл көлікті «заңсыз сатып алынған», деп мақала басқан. Аудан әкімінің жаяу жүрген жергілікті әртістерге жаны ашығаны соншалық, тіпті джип әпермек болған. Өйткені Ресейдің шекаралас аудандарына іссапармен жиі баратын өнерпаздары көршілес әріптестерінің алдында «ұялып, қызармасын» деген. Бірақ Toyota Land Cruiser әртіске де, әкімге де бұйырмады.Кәрім Жақыпов деген әкім Теректі ауданына әкім болып кетіпті. Ал Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарған, қазір де бастық жаяу жүргенін айтып, азар да безер болды.
Манарбек Әжікенов, БҚО Зеленов ішкі саясат бөлімінің басшысы :
Біздің отдел скорее всего не разыгрывало этот тендер... У меня лично, у меня вообще в отделе нету машины...
«Көлік заңсыз сатып алынған, мемлекеттік сатып алулар ережесі өрескел бұзылған» деген жазған газетке ішкі мемлекеттік аудит департаменті «бәрі заң аясында екен» деп шығыпты... Департаменттің дерегінше, қазір көлік облыстық ішкі істер департаментінің құзырында. Өңірге барған мәртебелі меймандарға полиция осы көлікпен жол көрсетеді екен. Тексеру жүргізген мекеме өкілі (БҚО ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары) Виталий Пак, Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қаржылық-шаруашылық құжаттарында осындай көлікті сатып алу қарастырылмағанын жасырмайды. Бірақ соған қарамастан аудан әкімдігі ақшаны бөлген.
Виталий Пак, БҚО ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары:
Облыстың ревизиялық комиссиясы көлікті сатып алу үшін бюджеттік тапсырыспен бірге берілетін түсіндірме жазбада көліктің құны туралы мәлімет берілмегенін анықтады. Басқа ешқандай заңбұзушылық жоқ. Бәрі мемлекеттік сатып алу заңының талаптарына сай. Көлік 26 млн. 900 мың теңгеге сатып алынған.
Осындай метаморфозалар. Қымбат көлік сатып алуға құмар атқарушы билік туралы бірнеше материал дайындадық. Композитор Ескіндір Хасанғалиев жырлайтындай, «ескірмейтін махаббат»...