$518.31 €567.96 ₽6.03
×

Мектептерде берілетін тамақ зиян. Мамандар дабыл қағады!

AstanaTV
21.04.2018ж. 20:00
1894
Мектептерде берілетін тамақ зиян. Мамандар дабыл қағады!

Мектептерде берілетін тамақ диабет пен онкологиялық ауруларға шалдығуға себеп болуы мүмкін. Ал Қазақ тағамтану академиясы мамандарының айтуынша, еліміздегі мектеп жасындағы балалардың төрттен бірінде артық салмақ, семіз... Дабыл қаққан қоғамдық ұйым өкілдерінің дерегінше, диабет дерті мен рак ауруларының 40 пайызы сапасыз ас мәзіріне – дұрыс емес тамаққа байланысты. Ал мектептердегі ас мәзірінде шыжғырып тұрып қуырылған және пайдасы аз ұннан дайындалатын тамақ көп.  

  Марианна Гурина, «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті:

Әр балаға күніне бөлінетін 250 теңге желге ұшып жатыр. Себебі бұл ақшаға сапалы тамақ дайындау мүмкін емес. Мектептердегі тамақтандыру жүйесіне реформа қажет. Өйткені балалардың денсаулығы мәз емес. Онкологияға қатысты препараттарға миллиондап қаржы бөлеміз. Алайда біз балалардың денсаулығын жақсартуға ақша құю керектігін ұмытамыз.

Қазақ тағамтану академиясының мамандары мектеп оқушыларына арналған ас мәзірін дайындаған. Сіңімді тамақ бастауыш сынып баласы үшін 650 теңге, жоғыры сынып оқушысы үшін 950 теңге. Асылған, бұқтырған ғана тамақ болуы керек. Ағзаға қажет элементтер мен витаминдер. Қазір бастамашыл топ Алматыдағы бір мектепте жобаны іске асырып көрмек. Демеушілердің арқасында қыркүйектен бастап бір бірінші сынып оқушылары пайдалы тағаммен тамақтанады. Оқу жылының соңында балалардың сабақ үлгерімі, физикалық және психологиялық жағдайын кәдімгі асханадан тамақты жеп жүрген оқушылардың нәтижелерімен салыстырады.