Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ғалымдар етті шамадан тыс пайдалану қатерлі ісікке әкеледі деген тұжырымын жариялады

AstanaTV
20.04.2018ж. 20:00
3218
Ғалымдар етті шамадан тыс пайдалану қатерлі ісікке әкеледі деген тұжырымын жариялады

Жақында ғалымдар күтпеген тұжырым жасады. Өңделген және қызыл етті шамадан тыс пайдалану ағзаға қауіпті. Тіпті, бұл өнім қатерлі ісікке әкелетін факторлардың бірі болуы ықтимал. Онколог-дәрігерлер де бұл пікірмен келіседі. Дегенмен, обырдың өршуіне адамның тамақтануы ғана емес өмір сүру салты да әсер ететінін ұмытпау керек,- дейді олар. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпарынша, өңделген және қызыл етті шамадан тыс пайдалану адам ағзасына қауіпті. Кейбір зерттеулер аталған өнімдердің қатерлі ісік ауруларын қоздыратынын дәлелдеген.

Онколог-дәрігерлер бұл пікірді жоққа шығармайды. олардың айтуынша,  қақталып, тұздалған шұжықтар мен түрлі консерванттар қосылған тағамдар адам денсаулығына аса зиянды. Сондықтан мұндай өнімді өлшеп жеу керек,-дейді. 

Қазбек Қарабаев, Павлодар облыстық онкодиспансерінің бөлімше меңгерушісі:

Біз енді қазақ болғаннан кейін ата-бабамыздан қалған салт-дәстүр, әдет-ғұріп дейміз бе, білмеймін, соғым сойғаннан кейін соғым етін көп сақтау үшін біз оны сүрлейміз. Сол сүр етімізді көктемге дейін сақтап, сосын оны пісіріп жейміз. Әрине, бұл еттің тұзы көп. Сондықтан олардың бәрі қатерлі ісікке және де басқа да, мысалы, ас қорыту жүйесі ауруларына әкелуі мүмкін.

Қатерлі ісік деңгейі бойынша, алғашқы үштікте тұрған Павлодар өңірінде 11 мың науқас дәрігердің жіті бақылауында. Жылына 2 мың тұрғын обыр диагнозымен есепке алынса, 100 мың адамға шаққанда облыста 141 науқас бұл дерттен бақилық болады. Аурудың көшбасында сүт безі ісігі, одан кейінгіде өкпе, тері обыры және асқазан дерті келеді.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші: 

Иа, қазақ үшін еттің орны бөлек. Дастарқанның басты асы. Қонақтың қадірлісіне ұсынылатын несібе, ол. Тіпті, тағамда ет болмаса, оны тамақ деп қабылдамаймыз да. Жалпы ет жеудің пайдасы мен зиянды тұстарын "Біздің уақыт" сараптамалық бағдарламасында зерделеп айтатын боламыз. Ертең сағат 20.00-де "Астана" арнасы қосулы болсын.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ