Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматылық кәсіпкер әлемде теңдесі жоқ инновациялық өрт сөндіргіш жасап шығарған

AstanaTV
24.04.2018ж. 20:00
2927
Алматылық кәсіпкер әлемде теңдесі жоқ инновациялық өрт сөндіргіш жасап шығарған

Алматылық кәсіпкер жаңа инновациялық өрт сөндіргіш ойлап тапты. Оның ерекшелігі - өртті ауыздықтау аумағы кең. Өнертапқыш оған химиялық құрамның арқасында қол жеткізген. Қазірдің өзінде оған Ресей тарапы қызығушылық білдіріп отыр. Кәсіпкер ісі өрге басу үшін «Самұрық-Қазына Контракт» серіктестігімен «Жаңа кәсіпорындарды дамытып, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту» бағдарламасы аясында келісімге келген. Нәтижесінде кәсіпорын жаңа қарқын алды.

Андрей Битнеров жаңа өнім жасап шығаруға ондаған жылын сарп етті. Сыртқы пішіні кәдімгі өрт сөндіргішке ұқсағанымен, бұрынғыдан әлдеқайда тиімді. Ресейдің Кемерово қаласындағы алапат өрттен кейін «Fireman» өніміне сұраныс артқан. Сауда үйлері жаппай сатып алып жатыр. 

Андрей Битнеров, «Сервис Безопасности - ЦЕНТРСИЗ» ЖШС директоры:

Өрт сөндіру жылдамдығы, принципі, және тиімділігі басқа өрт сөндіргіштермен салыстыруға да келмейді. Бұл бәсекелес орта екенін білсек те, біздің өнімге жететін өнім жоқ деп сеніммен айта аламыз. Қазір өнім қос бірдей патентпен қорғалған. Ол қазақстандық және еуразиялық патент. Біз қазір өнімді ТМД елдеріне еркін саудалай аламыз. Экспорттық потенциалы да жоғары.

Қазір кәсіпорын «Самұрық-Қазына Контракт» серіктестігімен арнайы бағдарлама шеңберінде әріптесітк орнатты. Сондықтан алдымен ел ішіндегі сұранысты толық қамту мақсаты бар. Занамауи қондырғы әр үйде тұрса да артық етпейді, - дейді мамандар.

Денис Лавров, цех қызметкері:

Көлемі шағын болғандықтан, көлікте алып жүруге ыңғайлы. Сол сияқты үйге де алып қойса болады. Адамға, балаға еш қауіпсіз. Небары 600 граммы айтарлықтай көлемдегі өртті сөндіре алады. Бірақ барлығы өрттің көлеміне байланысты.

Бұл «Самұрық-Қазына Контракт» серіктестігі қолдаған жалғыз жоба емес. Елдегі 8 кәсіпорынға қол ұшын созған. Оның кейбірі өнімдерін шетелге асырмақ. Қор әсіресе машина құрастыру, химия, жеңіл өндіріске ерекше көңіл бөліп отыр. Сондықтан елдің кез-келген деңгейдегі өндірушісі ұлттық қормен әріптестік орната алады.

Ербол Беков, «Самұрық-Қазына контракт» ЖШС сатып алуды талдау және сараптау департаментінің директоры:

Қор тиімділігін көрсете білген кез-келген жобаға қолдау білдіре алады. Бұл жерде өзінің тәртібі мен талабы бар. Біз мемлекеттің қандай өнімді көптеп импорттап алып жатқанына сараптама жасап, мемлекет ішінде сол өнімді өндіретін шағын бизнес өкілдеріне қолдау жасаймыз. Қазір бізде қажет деген  592 позиция бар, бірақ мұның саны әлі арта түседі. 

8 жоба тиімділігін көрсетті. Қазір тағы 10 жоба қаралып жатыр. Компания алдағы 3 жылда 100 миллиард теңгеге әр саладағы өндіріс ошақтарына қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.