Мамыр айында қазақстандықтар 11 күн демалады. "Қазақстан Республикасының мерекелік күндері туралы" заңына сәйкес 28-ші сәуір, сенбі, жұмыс күні болып есептеледі. Сәйкесінше, 30-шы сәуір демалыс болып жарияланды. Осылайша, тұрғындар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 29-30-шы сәуір және 1-ші мамыр күндері жұмыс істемейді. Өзгеріс мұнымен шектелмейді. 5-ші мамыр, сенбі, жұмыс күні болып белгіленді. Ал 8-ші мамыр, сейсенбі, - демалыс. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесіне орай, Қазақстан халқы төрт күн, яғни 6 мамыр мен 9- шы мамыр аралығында демалады.