$498.34 €519.72 ₽4.85
×

IELTS сертификатын қолдан жасатқан студенттер оқудан шығарылуы тиіс - Е.Сағадиев

AstanaTV
25.04.2018ж. 20:00
1828
IELTS сертификатын қолдан жасатқан студенттер оқудан шығарылуы тиіс - Е.Сағадиев

Қазақстандағы барлық ЖОО-дары жаппай тексеріледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. Мұндай қадамға «Астана» медициналық университетінде 117 студенттің оқудан шығарылуы түрткі болды. Бұған дейін магистратура мен докторантураға түсерде ағылшын тілінен біліктілік деңгейін анықтайтын «IELTS» сертификатының қолдан жасалғаны жайлы ақпар тараған. Министр бұл шешімнің дұрыс болғанын айтады. Ведомствоға қарасты білім сапасын бақылайтын комитет мүшелері тиісті тексеруден соң оларды оқудан шығару туралы шешім қабылдаған.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Көбісі сотқа беріп, өз құқығын қорғау ретінде жұмыстарын жасап жатыр. Бірақ біздің регламент бойынша сол студенттерді ең алдымен оқудан босату керек. Әрі қарай денсаулық министрлігі және сол университетпен балалардың жағдайын ойлайтын боламыз. 

Бүгін мәжілісте «Оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселесі бойынша» заң жобасы қаралды. Бұл құжат ЖОО-дарында оқу бағасын енді білім ошақтарының өздері реттеуіне мүмкіндік береді. Бұл университеттердің түлектерді көптеп тартуына және бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуына жол ашады.