$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Атырау облысында 70 көпқабатты тұрғын үй салынады

AstanaTV
25.04.2018ж. 20:00
2652
Атырау облысында 70 көпқабатты тұрғын үй салынады

Биыл Атырау облысында 70 көпқабатты тұрғын үй салынады. Бұл туралы аймақ әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру бойынша брифинг өтті. Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, қазір аймақта 44 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Жалпы саны 4 мың пәтерлік үйлердің жартысы биылғы жылдың соңында пайдалануға берілмек. Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, облыста қазір 25 мың адам үй кезегінде тұр. Атырау облысында фтизиатр дәрігерлер ең алдыңғы кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Өйткені қазір бұл өңірде фтизиатр мамандар тапшы. Сондықтан, кадр жетіпсеушілігін жою мақсатында, әкімдік оларды баспанамен қамтамасыз етуге дайын. Сондай-ақ аймақ басшысының сөзінше, биыл Атырау өңірінде жұмыс істеуге шамамен 100 дәрігер шақырылып отыр екен.

Елбасымыздың "5 әлеуметтік бастамасын" орындалуы туралы айтар болсақ, бұл әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру. Яғни «7-20-25» бағдарламасы. Былтыр облыста 624 мың шаршы метр үй тапсырылған болатын. 36 көп пәтерлі үйлер тапсырылды. Биыл 44 көп пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін соңын 34 тапсыруды жоспарлап отырмыз.

Атырау облысында әлеуметтік саладағы 103 жоба іске асырылып отыр. Жалпы құны 215 млрд теңгені құрайды. 388 әлеуметтік нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Олардың ішінде білім беру саласында 113 нысан. 45 мектеп пен балабақша, 7 лицей мен колледж, 7 музыка мектебі салынады деп жоспарланған. Студенттер жатақханасының құрылысы бойынша 3 жоба, екі пансионат бар. Сонымен қатар, 300 орындық балалар лагері мен  сауықтыру орталықтары бой көтермек. 4 мың келушіге арналған Жастар және оқушылар сарайының құрылысы басталған.

Ал Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Атырау облысы елорданың оң және сол жағалауларын жалғайтын көпір салып бермек. Аймақ басшысының айтуынша, құрылысқа 6 млрд теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кеткен.