$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Ауыл» партиясы өз бағдарламасында тауар өндірушілерге ерекше мән беріп отыр

AstanaTV
24.02.2016ж. 20:00
2112
«Ауыл» партиясы өз бағдарламасында тауар өндірушілерге ерекше мән беріп отыр

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының өкілдері Көкшетауда болды. Ауыл шаруашылық өнімдерін тереңдетіп өңдеу ел экономикасы үшін маңызды. Қосымша жұмыс орындары ашылып, бюджетке түсетін салық артады.

«Ауыл» партиясы өз бағдарламасында тауар өндірушілерге ерекше мән беріп отыр. Мәжіліс сайлауына «Ауыл» партиясынан ұсынылған кандидаттар арасында өндірістің қыр-сырын, малдың бабы мен егіннің жайын жақсы білетін  азаматтар бар. Партия белсенділерінің айтуынша, олар ауыл шаруашылығы бизнесінің дамуына нақты ұсыныстарын бере алады.  


Бөрібай Жексембин, «Ауыл» ХДПП хатшысы:

Мына кәсіпорын, бүгінгі қатысып отырған кәсіпорнымыз - мынау «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында жұмыс істеп, бүгінгі күннің талабына сәйкес, конкурентті, дұрыс бағамды өнімдер шығарып отырған кәсіпорындар. Негізінде бұл өзі бүгінгі күннің талап етіп отырған кәсіпорны. Анау жерден бастап, тұтынушының алдына, столына келетін тағамдарға дейін бір-ақ шығарады. Міне, бүгінгі стандарт деп осыны айту керек.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА