$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Ауған соғысы ардагерлері туралы тың деректер

AstanaTV
02.05.2018ж. 20:00
8720
Ауған соғысы ардагерлері туралы тың деректер

Ауған соғысында қаза тапқан Қазақстандықтардың санына қатысты күмән сейілген жоқ. «Абырой» ардагерлер ұйымы Ресей мұрағаттарына жолдаған сұраныс хатқа әлі жауап ала алмай отыр.  Олар Кеңес-Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлер саны едәуір көп болуы мүмкін дейді.  ТМД әскерлерінің мұрағатын қайта қарауды талап еткен. Қаруластардың па йымынша қаза тапқан жігіттер саны 25 мың мен 50 мыңның арасында болуы мүмкін. Қазіргі мәліметтерде 15 мың деп көрсетіліп жүр. Отанқорғаушылар күні қарсаңында Алматыда Ауған соғысы ардагерлері  жас буын өкілдерімен кездесті. Патриоттық тәрбие мақсатындағы шарада интернационалист жауынгерлер мектеп бітіргелі отырған жастарды әскер сапында қызмет етуге шақырды.

Әли Нариманов, «Абырой» Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы:

Біздің отанымызға  қауіп төнген жағдайда, қолына қару лапы, жерімізді, Отанымызды қорғай алатындай болулары керек.  бүгінгі өткізіп жатқан іс-шара өз Армиямызды қолдауға арналады.

Республика бойынша Ауған соғысы ардагерлерінің отыздан астам ұйымы бар. Тек Алматының өзінде 17 қауымдастығы тіркелген. Олар Отанқорғаушылар мерекесі мен Жеңіс күні қарсаңында мектептер мен колледждерді аралап, патриоттық бастама көтеріп, өз үлестерін қосуды әдетке айналдырған.