$498.34 €519.72 ₽4.85
×

АЭФ қонақтары Үкімет мүшелеріне "брейнсторминг" өткізеді

AstanaTV
03.05.2018ж. 20:00
3332
АЭФ қонақтары Үкімет мүшелеріне "брейнсторминг" өткізеді

Астана экономикалық форумы қонақтары үкімет мүшелеріне "брейнсторминг" өткізеді. Яғни, мәселелер шешімін тапқанша, талқылау өткізбек. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Айтуынша, форумының үшінші күні сессия Қазақстанға арналады. Биылғы ерекшелігі - қонақтар саны бойынша рекорд орнатпақ. 17 мамырда Астанға сарапшы, саясаткер, ірі копмания басшыларынан құралған 500 мейман келеді. Форум тақырыбы  - Global Challenges Summit 2018.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Негізгі спикерлер осында қалып, 6 бағыт бойынша үкімет мүшелерімен жұмыс істейді. Яғни "брейнсторминг". Оған 19 мамыр күні 20-30 адам қатысады. Айтылған дүниелерді түртіп аламыз, біздің жағдайда нені қолдануға боларын қараймыз.