Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Халық 7,5 миллиард теңгеге 50 мыңдай ескі көліктерін тапсырған

AstanaTV
03.05.2018ж. 20:00
2014
Халық 7,5 миллиард теңгеге 50 мыңдай ескі көліктерін тапсырған

Көлікті утилизациялау бағдарламасы кезінде 50 мыңдай темір тұлпар тапсырылған. Ескі көлігін өткізгендерге 7,5 миллиард теңге төленген. Бұл туралы бағдарламаны жүзеге асырушы компания "Оператор РОП" ЖШС баспасөз қызметі хабарлады. Көліктердің айдалғанына орташа есеппен 25-30 жылдай болған. Олардың арасында 1946 жылы шығарылған Москвич-400 тұлпары бар. 2014 жылы өндірілген су жаңа көліктер де табылған. Әдеттегідей, ескі көліктерін тапсырғандар Оңтүстік Қазақстанда көп. 9 мыңға жуық бірлік өткізілген. Пайдалану мерзімі өткен автомобильдерді өткізуде алматылықтар белсенділік танытқан. Онда 5 мыңнан астам көлік жоюға тапсырылған. Үштікті Көкшетау 5 мыңға жуық темір тұлпармен қорытындылап тұр. Утилизацияға тапсырылған көлік құралына берілетін жеңілдік сертификаты 315 мыңнан бастап 650 мың теңге аралығында. 13 мыңдай көлікке сертификат берілген.  Оның 11 мыңын иемденгендер 6 мыңнан астам отандық көлікті тізгіндеген.