Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

ІІМ «Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары» деп аталатын электронды базаны іске қосты

AstanaTV
03.05.2018ж. 20:00
2103
ІІМ «Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары» деп аталатын электронды базаны іске қосты

Енді екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскендер туралы ақпаратты Ішкі істер министрлігінің сайтынан алуға болады. Бүгін іске қосылған электронды ресурстың базасында тұтқынға түскен шамамен 60 мың жауынгер жайлы барлық ақпарат бар. Ол «Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары» деп аталады. Осылайша жеңіс күні мерекесі қарсаңында кейбір із-түссіз жоғалған соғыс ардагерлерінің ұрпақтары ата-бабалары туралы ақпараттарды жинақтауға мүмкіндік алып отыр.

Дәрия Аликқызы, ҚР ІІМ ақпараттық-сараптамалық орталық мұрағатының басшысы:

Әлі де деректер аз тұтқындар бар. Мысалы, кейбірі әлі күнге өздерінің әке-шешелері қай жерлерде тұтқында болғанын білмейді. Осы туралы бізге хат келіп түсті. Біздің мақсат - әскери тұтқындарға қатысты тарихи мәліметтерді барлық халыққа ашып көрсету, қолжетімді ету.