$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Әлемде қару-жарақ сатып алу артқан. Қазақ армиясы 19 генералмен толықты.

AstanaTV
05.05.2018ж. 20:00
3722
Әлемде қару-жарақ сатып алу артқан. Қазақ армиясы 19 генералмен толықты.
 

Бейбітшілік пен конфликтілер проблемаларын зерттейтін Стокгольм халықаралық институты жасайтын жылдық есепте былтыр Ресейдің 1998 жылдан бері алғаш рет әскери шығындарын азайтқаны айтылған. Сөйтіп 3-орыннан 4-орынға түскен. Алайда әлем бойынша алсақ, дүниедегі мемлекеттердің, оның ішінде әскерге мол қаржы құятын елдердің қару-жарақтан бас тартатын түрі көрінбейді. Керісінше, 2017 жылы 1 трлн 739 млрд долларға жеткен. Бұл «қырғи-қабақ соғысынан» кейінгі рекорд. Бұның 1 трлн396 млрд-ы әскери бюджеті үлкен 15 мемлекеттің үлесінде. АҚШ – 610 млрд, Қытай – 228 млрд, Сауд Арабиясы – 69 млрд, Ресей – 66 млрд, Үндістан - 63 млрд, Франция – 57 млрд, Ұлыбритания – 47млрд.   

Мұндай есептен кейінгі біздің Армияға қатысты мынадай мәлімет – осы аптада қазақ армиясының қатары 19 генералмен толықты. Отан қорғаушылар күні қарсаңында Жоғарғы Бас қолбасшы әскерилерге шен тапсырды. Дәстүр бойынша Ақордада өткен салтанатты шарада генерал шенінен бөлек, әскерилер "Даңқ", "Айбын", "Құрмет", "Ерлігі үшін" орден-медальдарімен марапатталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:74 жыл совет одағының астында болғанда қай адамға генерал тапсырылды? Бүгін бір күннің ішінде 22 атақ берейін деп отырмын. Тәуелсіздік алаңында елдің әскерін басқаратын генерал іздеп, жалғыз Нұрмағанбетовты тапқан едім. Естеріңнен шығырмаңдар осыны. Ел болған соң, тәуелсіз Қазақстан болған соң, өз Бас қолбасшыларың өз қолынан сендерге осындай атақ береді

95 жастағы Ақат Бекмәди ата туралы бірер сөз. Ақмола облысында 1923 жылы дүниеге келген. 1941жылы педагогикалық училищені тәмәмдайды. Ал 1942 жылы  Ақмола облысында жасақталған 90-шы полктың құрамында бір ай дайындықтан өтіп, шілдеде соғысқа аттанады. Ақат Бекмәди Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан. Соғыстан аман-есен елге оралып, 40 жылдан астам ұстаз болады. Қазір Ақат ата 5 баласынан тараған 9 немере, 9 шөбересінің қызығын көріп отыр. Екінші дүние жүзілік соғысқа біздің де ата-бабаларымыздың қатысып, сұмпайы фашизмді жеңуге үлес қосқандары, үлес қосқандары деймін-ау, қасық қаны қалғанша күрескендері сөз жоқ, жеңімпаздық сезіміне бөлейді. Және соғыстан бөлек, тыл мен еңбек армиясында жұмыс істеп, бәрін берді. Дегенмен аза тұту күніне көбірек келеді. Атам Жақсылық Мәскеу түбін минадан тазартуға қатысқан, сол жерде мина жарылып, опат болған. Одан бір түйір фотокәртішке де қалмаған...

Ақат Бекмәди, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Соғыстағы адамдардың тілегі, бәрінің бір-ақтілегі болатын туған жерімізді туған елімізді аман-есен көрсек. Аман-есен елге барсақ деген тілек болатын. Бірақ біреуге ерте, біреуге кеш өлім деген сияқты. Соғыста қалғандар бар оқ тиіп. Жараланғандар бар. Бір мүшесі кем болғандар бар. Енді көбі қазіргі жасқа келген жоқ мен сияқты. 95-ке келгені шамалы ғой дейім. Менің жасым 95-ке келіп отыр. Сондықтан ойлаймын мен бақыттымын ғой деп. Өйткені соғыстан аман-есен екі рет жараланып, сонымен аман шықтық. Жеңісті көрдік.