$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Арменияда саяси дағдарыс шешіледі деген үміт бар...

AstanaTV
05.05.2018ж. 20:00
3143
Арменияда саяси дағдарыс шешіледі деген үміт бар...

Арменияда саяси дағдарыс шешіледі деген үміт оянды. Себебі парламентіндегі басым дауысқа ие республикалық партия мамырдың 8-іне белгіленген премьер-министрді сайлау кезінде «парламенттің үштен бірі қолдаған кез-келген кандидатқа дауыс беретіні» туралы мәлімдеме жасады. Олар 1-мамырда өткен дауыс беру рәсімінде оппозиция лидері Никол Пашинянның жеткілікті дауыс жинай алмауына барын салған, ал Пашинян адамдарды қайтадан наразылық акциясына шығарған. Сөйтіп сәрсенбіде халық толқуы қайта күшейген еді. Пашинян бастаған оппозиция биліктің өзі бекіткен ережелерге сай жеңіп шығуы шынайы саяси қолдауға айналмайтынын көрсетті.  

Расул Жұмалы, саясаттанушы: 
 
Армениядағы соңғы апталарда болып жатқан толқулардың ерекшелігі меніңше, мейлінше өркениетті түрде өтуі. Ашық қақтығысқа бармауы, қантөгістің болмауы. Екі жақтың да – билік пен оның жағында тұрған күштік құрылымдар, екінші жағынан наразылық білдірген халық, жастар, оппозиция өкілдерінің екі жақтан да ұстамдылық танытуы. Саяси мәдениеттің жоғары дәрежесін көрсетуі. Тіпті мәселені ушықтырмай, дер кезінде шешіп отырса, әділдік, жемқорлықтан ада болу, бостандық, әлеуметтік теңдік, әлеуметтік қамсыздандыру - бұндай дүмпулер болмайтын да шығар...