«Жаһандық геосаяси трансформация дәуіріндегі Еуразия». Астанада осындай тақырыппен Қазақстан-Ресей сарапшылары форумы өтті. Мұндай жиын екінші мәрте өтіп отыр. Екі ел сарапшылары әлемде болып жатқан оқиғаларға қарап, геосаяси жағдайға баға береді. Мамандар Еуразиялық экономикалық одақ туралы сөз қозғады. Айтуларынша, қазір Еуразияда көшбасшы болуға 3 ірі күш жұмыс істеп жатыр. Ол Қытай, Индия және Еуразиялық экономикалық одақ. Сарапшылардің бірі Қытайдың рөлін басым көрсе, бірі Еуразиялық бестікке үміт артады.
Ерлан Карин, Халықаралық қатынастар бойынша қазақстандық кеңес төрағасы:
Біздің алаңның өз ерекшелігі бар. Бірлесе ортақ бағдарлама құрып, әр сессия бойынша екі елден әріптестер ойын ортаға салады. Мен "Валдай" қорына әріптестік үшін алғыс білдіремін. Мұндай алаң бізге қажет.