Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Нұр Отан» партиясы соғыста ерлігі еленбей қалған батырлардың рухына құрмет көрсетті

AstanaTV
14.05.2018ж. 20:00
3482
«Нұр Отан» партиясы соғыста ерлігі еленбей қалған батырлардың рухына құрмет көрсетті

«Нұр Отан» партиясының «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» акциясы жалғасуда. Партияның Павлодардағы белсенділері жерлестері Сембай Қалиев туралы деректерді жария етті.

1941 жылы майданға аттанған ол артиллерия шебінде болған. Венгрияның Замоль ауылы маңындағы қанды шайқаста ерлігімен көзге түсіпті. Батылдығының арқасында қаруластарын бір өлімнен алып қалған қазақ жігіті фашистердің 2 танкісі мен 7 бронды транспортерін жойған. Десе де, Сембай Қалиев ерлігі еленбей қалған қаһармандардың қатарында. «Кеңес Одағының батыры» деген жарлық шықса да, сол атақты ала алмай кеткен майдангердің туыстарымен «Нұр Отан» партиясының өкілдері арнайы кездесті. Жеңіс мерекесінде жауынгердің қос қызына құрмет көрсетіліп, кішігірім тарту жасалды. Партия ұйытқы болған республикалық акцияның мақсаты - Екінші дүниежүзілік соғыста ерлігі еленбей қалған жауынгерлердің есімдерін анықтап, бұқараға таныстыру.

Сәлимә Қалиева, С.Қалиевтің қызы:

Архивтен біз кәдімгідей мәлімет алдық, 11 қаңтар 1945 жылы Кеңес Одағының батыры атағы берілді деген. Шыққан сондай жарлық. Наградной парақшасы бар сондай, бірақ берілмеді. Осы бізге 9 мамыр өте ауыр күн. Өйткені бәрін еске түсіреміз, өзіміз әкемізбен бірге соғыста жүргендей боламыз.