$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада медициналық құжаттарды қолдан жасаған қылмыстық топ құрықталды

AstanaTV
15.05.2018ж. 20:00
4584
Астанада медициналық құжаттарды қолдан жасаған қылмыстық топ құрықталды

Астанада медициналық құжаттарды қолдан жасаған қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы департаментінің жетекшісі хабарлады. Қылмыстық топтың құрамында 6 адам болған. Олардың жоғары сапалы компьютерлік теxниканы қолданып келгені анықталды. Тексеру барысында 086 үлгісіндегі медициналық анықтаманың 200-ден астам бланкілері, 190-ға жуық санитарлық кітапша, 80-нен астам мөрлер тәркіленген. Қазір бұл азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, осының кесірінен Астанадағы емханалар жылына 25 млн теңгеден аса соманы жоғалтқан.

Шыңғыс Қабдулла, Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігі Астана қалалық департаментінің басшысы:

Бұл әлеуметтік маңызды салалардағы білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында азаматтардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге кері әсер етеді. Нақты медициналық сараптамасыз олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.