Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Кришитиану Роналду Ресейдегі әлем чемпионатына келетін болды

AstanaTV
15.05.2018ж. 20:00
2528
Кришитиану Роналду Ресейдегі әлем чемпионатына келетін болды

«Барыс» хоккей клубының бұрынғы капитаны Найджел Доустың «Автомобилист» сапына не үшін кеткені мәлім болды. Канадалық спортшының жалақысы, бонустарын қоса алғанда, шамамен 3 миллион доллар шамасында болады. Ресейдің БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұл  үздік он трансфердің қатарына ілігіп отыр.

Тағы да хоккей төңірегінде. Швеция және Ресей құрамасы өзара кездесуде «А» тобының үздігін анықтамақ. Қазір Илья Воробьев шәкірттері бір ұпайға қалып келеді. Ал, швед ойыншылары Швейцарияға қарсы ойында күлкілі қатеге ұрынып қалды. Соңғы минутта құр қалған қақпаға шайбы соғу мұңға айналған. Деседе кездесу шведтердің пайдасына шешілді, есеп 5:3.

Футболдан әлем чемпионатының басталуына не бары бір айдан аз уақыт қалды. Қазір құрама командалар төрт жылдықтың басты додасына қай спортшылардың қатысатынын айтып жатыр. Криштиану Роналду, Рафаэль Маркес, Радамель Фалькао, Хамес Родригес, Хуан Куадрадо сынды футбол жұлдыздары келе алатыны мәлім болды. Ал, ФИФА төрешілердің тізімін өзгертетін болады. Мысалға, Сауд Арабияның өкілі Фахад Аль-Мирдаси спортшылар пара берсе, жеңіп шығуға мүмкіндік жасайтынын айтқан. Бұл ісін өзі мойындап, өмір бойына алаңнан қуылды.