Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылордада құрылысшылар арасында ерекше байқау өтті

AstanaTV
16.05.2018ж. 20:00
3890
Қызылордада құрылысшылар арасында ерекше байқау өтті

Қызылордада құрылысшылар арасында ерекше байқау өтті. Республикалық шараның мақсаты - өзге елден келген жұмыс күшінен бас тарту, бұл саланы отандық білікті мамандармен толықтыру. Төртінші рет ұйымдастырылған сайыс құрылысшы мәртебесін көтеруді көздейді. Сырдарияның сол жағалауында бой көтерген этно стильдегі жаңа қалашықта еліміздің түкпір-түкпірінен келген сылақшылар мен тасқалаушылар бақ сынасты. 

Сылақшы, сырлаушы, құрылыс шебері. Павлодарлық бесаспап маман Еркемай Темірғалиева 16 жылдық тәжірибесіне қарамастан, бұл сайыста-дебютант. Құрылыс саласын таңдағанына өкінбейді. Павлодарда бірнеше оңдаған әсем ғимаратты тұрғызуға атсалысқан. шу өзім намыстанбаймын осындай құрылыс саласында жұмыс жасағаныма, өзіме ұнайды/

Сайыс осымен төртінші рет өтуде. Қатысушыларға үлкен жауапкершілік жүктелген. 12 команданың емтихан алаңы-шахарда жаңадан бой көтеріп жатқан үйлер. Бас жоспарға сәйкес, бұл жерде этностильдегі жаңа қалашық салынады

Мұхамедиса Әлсеріков, Қызылорда облыстық құрылыс басқармасының басшысы: 

18 көп қабатты тұрғын үй мен 320 орындық балабақшанын, оған қосымша «Болашақ» университетінің кампусының құрылыстары басталды. Қазақ орталық атқару комитетінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Бұл жерде Рухани жаңғырудын арнайы бөлімі болады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған музей іске қосылады. Ол жұмыстардын барлығы тамыз-қыркүйік айларында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, құрылысшылар қатарын жергілікті мамандар арқылы көбейту. Сайыстың басты мазмұны осында, дейді Қазақстан құрылысшылар кәсіподағының төрағасы. Өкінішке орай, жастар арасында құрылысшы мамандығының беделі аздау. 

Құсеин Есенғазин,  ҚР Құрылысшылар кәсіподағының төрағасы:

Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік, маман жетіспеушілігі проблемалары бар. Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген жалдамалы жұмысшылар құрылыста жұмыс істеп жүр. Өзімізде маман жетіспегендіктен кез келгенді жалдаймыз. Сондықтан, құрылыс сапасы төмен. Осындай конкурстар, көп мәселені шешеді деп ойлаймын.

Құрылысшылардың шеберлігі мен жұмыс сапасын тәжірибелі мамандардан құрылған комиссия бағалады. Жүйелі орналасқан кірпіштер, мінсіз, тегіс қабырғалар- барлығы сыннан өтті. Үздік деп танылған мамандар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал конкурс алаңына айналған сол жағалауда жаз аяғында алғашқы тұрғындар қоныстанады деп жоспарланған. 

Шарипа САҚТАПОВА