Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда XV Еуразиялық медиа форумы ашылды

AstanaTV
23.05.2018ж. 20:00
2383
Алматыда XV Еуразиялық медиа форумы ашылды

Журналистика саласында "сенім дағдарысы" мәселесі туындады. Ғаламтор беттеріне бірден тарайтын ақпараттарда нақты түйін жоқ. Фейк-жаңалықтардың қатары көбейіп барады. Алматыда басталған 15-ші Еуразиялық медиа форумның ашылу салтанатында Елбасы құттықтауын оқыған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осыны жеткізді. Президент құттықтауында бүгінгі аудиторияның тәуелсіз блогерлер мен әлеуметтік желілердегі материалдарды оқуға әуес екендігі жазылған. Бірақ сол ақпараттар көбінесе жалған деректерге алып келеді. Ал оны шешудің жолы қандай? Жалған ақпаратты шынайы мәліметтен қалай ажыратуға болады? Осы және өзге де мәселелерді 3 күнге жоспарланған форум аясында талқылау көзделген.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Бүгінде газет-журналдар мен телевизиялық материалдардың құндылығы жоғалып барады. Басты себеп - әлеуметтік желілер мен ғаламтор беттеріндегі жарияланымдар. Бірақ олардың барлығы шынайы ақпаратқа құрылмаған. Осының салдарынан БАҚ-на деген сенім төмендейді.

Дәстүрге айналған форумға биыл 60-тан аса елден 500-дей делегат қатысты. Қатысушылар, озық технология дамыған заманда көштен қалмауға тырысу - БАҚ үшін басты талап, екенін айтады. Алайда ақпаратты толық сүзгіден өткізіп қана жариялаудың маңыздылығы жойылмақ емес.