$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Ақтөбе облысының аудандарында суда құтқару қызметінің мамандары жоқ

AstanaTV
25.05.2018ж. 20:00
5619
Ақтөбе облысының аудандарында суда құтқару қызметінің мамандары жоқ

Ақтөбе облысында суда құтқару қызметінің мамандары тапшы. Мұндай ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратты. Қиындықты шешу мақсатында аудандарда ерікті жасақтар құру жоспарланып отыр. Қала маңындағы суқоймаларда 60 адам дайындықтан өтуде. Арасында түрлі саланың мамандары бар.Оларға қойылатын талап - денсаулығының мықты болуы әрі жүзе білуі шарт. Еріктілердің жасы 18 бен 45 аралығында. Бүгін олар суға кеткен адамды құтқарып, алғашқы көмек көрсетуді үйренді. Бір апталық оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң еріктілерге арнайы сертификат берілмек. Қазір Ақтөбедегі судан құтқару бекеттерінде 68 маман бар. Былтыр облыста 22 адам суға кетіп, ажал құшқан. 86 тұрғын тілсіз жаудың тырнағынан құтқарылды.

Тұрлыбек Айтжанов, ерікті құтқарушы:

Ауылдық жерде Сағыз өзені бар. Жаз мезгілінде, демалыс кезінде балалар суға түседі, балалардың тынығу уақытында судан құтқару, осында Ақтөбе облысына жіберді. Қазір тапсырып жатырмыз. Ауылға барғаннан кейін осы оқығанымызды бүлдіршіндерді судан құтқару мақсатында жұмыс жасаймыз.

Оксана Кичигина, облыстық ТЖД судан жедел құтқару қызметінің жетекшісі:

Біздің штатта 68 құтқарушы бар. Ал облыстағы суқоймалар саны 768. Яғни әр адамға 12-14 суқоймадан келеді. Бұл өте көп. Бір адам үлгере алмайды. Үш құтқару бекеті де Ақтөбеде орналасқан. Аудандарда штат жоқ.