$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада бокстан Қазақстан чемпионы анықталды

AstanaTV
17.05.2018ж. 20:00
2440
Астанада бокстан Қазақстан чемпионы анықталды

Астанада Қазақстанның үздік боксшылары анықталды. 76 спортшы он түрлі салмақ дәрежесі бойынша қолғап түйістірді. Турнир қорытындысы бойынша топ жарғандар ел құрамасына іріктеледі. Алда әлі Азия ойындары мен әлем чемпионаты бар. Дегенмен жеңімпаздардың 70 пайызы - құраманың қыздары. Ал үш салмақ дәрежесінде жеңіске жеткендер Азия ойындарына қатысады.

Вадим Присяжнюк, бокстан ҚР әйелдер құрамасының аға бапкері:

Азия ойындары рейтингі бойынша әлем чемпионатынан әлдеқайда биік тұр. Тіпті олимпиада ойындарынан кейін екінші орында деуге болады. Чемпион атанғандар азиялық ойындарға барады, қалғандары әлем чемпионатына дайындалады.

Мадридтік «Атлетико» Еуропа Лигасында жеңіске жетті. Чемпиондар Лигасындағы «Астананың» қарсыласы үш жыл бұрын финалда «Марсельге» мүмкіндік бермеген еді. Шешуші ойын Францияда өткенімен, испандықтар сыр бермеді. Ойынның 21-інші минутында Антуанн Гризманн алғашқы голын соқты. Үзілістен кейін француз жігіті есепті  еселеді. Алаң иелері ойда-жоқта капитанынан айрылып қалды. Жарақатына байланысты кездесудің соңына дейін қатыса алмаған Димитри Пайет командасының мүшкіл халін көріп, көз жасын ірке алмады. Кезедсудің 89-минутында Габи үшінші голды соқты. Есеп 0:3. «Провансальдықтар» осымен үшінші рет жеңілсе, мадридтіктердің бас бапкері шәкірттерін үш рет жеңіске жеткізді.



Джиро Д`Италия жарысында Саймон Йейтс тағы да топ жарды. Британдық велошабандоз маусымдағы бірінші гранд турдың 11 кезеңінде жеңіске жетті. Ұйымдастырушылар бұл жарысты «Астананың» мүшесі Микеле Скарпониді еске алуға арнаған. Қазақстандық клуб құрамында Мигель Анхель Лопес ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Лидерден небары жарты минутқа қалып қойған ол 15-інші болып келді. Мәреге бірнеше шақырым қалғанда велосипедшілер құлап, қазақстандық шабандоздар уақыт жоғалтқан. Бірақ жалпы есеп бойынша 11 орыннан көрінді.