Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған тұрғын үй бағдарламасын жасалуы қажет - Д.Назарбаева

AstanaTV
18.05.2018ж. 20:00
4016
Дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған тұрғын үй бағдарламасын жасалуы қажет - Д.Назарбаева

Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасы жасалуы керек. Сенат қабырғасында өткен «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру тақырыбы талқыланған жиын барысында депутат Дариға Назарбаева осындай ұсыныс айтты. Сенатордың пікірінше бұл санаттағы азаматтарға қазіргі ипотекалық бағдарламаларға қатысу қиынға соғады.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мұғалімдер бюджет қаржысымен күн көріп келе жатса, мемлекет оларға мүмкіндік беруі тиіс. Сондықтан мен оларға әскерилерге арналған сияқты жеке бағдарлама тағайындауды ұсынамын. 

Жиын барысында сенаторлар «Нұрлы жер» бағдарламасының кемшін тұстарын атады. Үйді жалға алған адамдардың кейіннен оны басы бүтін сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Депутаттардың пікірінше баспананы өмір бойына жалдап тұру үрдісі жекелеген өңірлерде ғана сұранысқа ие. Сондықтан бұл жүйе өзгертуді қажет етеді дейді олар.  Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы пайда болған 1 жыл ішінде 11 млн шаршы метр тұрғын үй салынған. Бұл 100 мыңдай отбасының баспана мәселесін шешуіне көмектесті. Оның 25 мыңы мемлекет есебінен. Салаға құйылған инвестиция көлемі артып, қазір 980 миллиард теңгеге жуықтаған.