Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеріс басталды

AstanaTV
18.05.2018ж. 20:00
3528
Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеріс басталды

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеру басталды. Зауытта компрессор істен шығып, мұржадан қою түтін таралуы бұған себеп болды. Кеше кешкісін от лаулап, екі сағат бойы айналаны қара түтін басқан. Үрейленген атыраулықтар қалта телефондарына түсіріп әлеуметтік желіде таратты. Көп ұзамай, зауыт басшылығы  мәселеге жазбаша түсінік беріп, бұның адам денсаулығына еш зияны жоқ, деді. Ал экологтар мұндай қорытынды жасауға әлі ерте деп отыр.

Қайрат Қалихайролла, Атырау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

Жел сол зиянды заттарды далаға алып кетіп отырды. Сол үшін, Қазгидрометтің мәліметінше, солуақытта ешқандай стационарлық посттардан көрсеткіштердің асқаны туралы мәлімет бүгінгі күнге дейін түскен жоқ. Тексеріс нәтижесі қорытынды  бойынша ауаға қанша зиянды заттар таралғаны туралы мәлімет береміз.