Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мектеп асханасында уланған оқушыларға алдын ала сальмонеллез диагнозы қойылды

AstanaTV
21.05.2018ж. 20:00
2844
Мектеп асханасында уланған оқушыларға алдын ала сальмонеллез диагнозы қойылды

Қызылорда облысының полицейлері оқушылардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала тергеу жұмыстары басталған. Өткен аптада "Келін төбе" ауылындағы 192-ші мектептің 25 оқушысы дәрігерлер көмегіне жүгінген болатын. Олардың дене қызуы көтеріліп, іші өткен.  Алдын ала болжамға сай, жаппай улануға мектеп асханасында берілген түскі ас себеп болуы мүмкін. Қазір 3 оқушы мен мектеп жанындағы шағын орталықтың бір тәрбиеленушісі  жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Өзгелері амбулаторлық емдеуге жіберілген. 

Айна Мұхамбетова, Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

Тамақтан ұлану алдын-ала диагнозымен бақылауға алынып отыр.  Бүгінгі таңда барлық балалардын жағдайы қанағаттандырылыққа жақын, яғни амбулаторлық деңгейдегі, ауруханадағы жатқан. Біздің күтіп отырғанымыз қазір лабораторлық зерттеулер қорытындысы.

Асханадан сол күні 81 бала дәм татқан. Жаппай улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, мектеп асханасы уақытша жабылған. Ондағы барлық қызметкерлер медициналық тексеруден өтуде.