Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шұжықтардан антибиотиктер табылды

AstanaTV
21.05.2018ж. 20:00
2890
Шұжықтардан антибиотиктер табылды

Қызылжарда сауда сөрелеріндегі шұжықтардан антибиотик табылды. Өнімде левомецитин атты дәрі қалыпты мөлшерден 100 есе артық болып шыққан. Бұл жайында эпидемиолог мамандар хабарлады. Олар дүкендерге тексеріс жүргізген. Нәтижесінде екі өндіріс ошағының өнімі талаптарға сәйкес келмепті. Зияны мөлшерден тыс болған шұжықтар Қазақстан мен ресейлік компанияның өнімі. Тауар наурыздың аяғында шығарылған. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары сауда сөрелерінен өнімнің 12 келісін тәркіледі. Осы уақытқа дейін қаншасы сатылғаны белгісіз. 

Айнаш Сағындықова, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы:

Осындай шұжықты көп жеген адам кәдімгі антибиотиктерді қабылдаған кезде оның организміне әсер етпеуі мүмкін. Және де организмнің жиі әлсіреуі байқалады.