Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

АҚШ-қа басқа мемлекеттерді өз ережелерімен жүргізетіндей құқықты ешкім берген жоқ - Хасан Рухани

AstanaTV
22.05.2018ж. 20:00
2477
АҚШ-қа басқа мемлекеттерді өз ережелерімен жүргізетіндей құқықты ешкім берген жоқ - Хасан Рухани

"АҚШ-қа басқа мемлекеттерді өз ережелерімен жүргізетіндей құқықты ешкім берген жоқ". Бұл Иранның президенті Хасан Руханидің мәлімдемесі. Ол АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Майк Помпейдің сөзіне қатысты осындай сарында жауап қатты. Иран көшбасшысының айтуынша, Иран мен бүкіл әлемнің тағдырын Вашингтон шешпейді.

Хасан Рухани, Иран  президенті:

Иран мен әлемнің тағдырын шешетіндей, сіздер кімсіздер?! Осы тұрғыдан алғанда, қазір әлем АҚШ-тың әрекеттерін қабылдамайды. Барлық мемлекеттер тәуелсіз.

Бұл мәлімдеме, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тегеранға 12 тармақтан тұратын жаңа ядролық келісім ұсынған соң, жасалды. Онда МАГАТЭ сарапшыларын Иран нысандарына жіберу, уран мен плутонийді байытуды тоқтату жайы айтылған. Сондай-ақ ядролық қаруды шығаруға қабілетті зымырандарды жасаудан бас тарту мәселесі бар. Вашингтон барлық санкцияларды жоюға, Иранмен сауда және дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге және бұл елдің озық технологияларға қол жеткізетініне уәде берді.

Айта кетейік, 8 мамырда Дональд Трамп АҚШ-тың бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарынан шығып, Иранға қарсы қатаң санкциялар енгізуге дайын екенін мәлімдеген еді.