$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қақыраған қабырғалар құлауы керек пе? Апатты үйлер жайлы.

AstanaTV
26.05.2018ж. 20:00
3793
Қақыраған қабырғалар құлауы керек пе? Апатты үйлер жайлы.

Тағы да апатты үйлер жайлы. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы -Петропавлда апатты 19 үй бар. Басқа барар жері жоқ 200-й тұрғын өмір сүретін үйлердің дымқыл тартып, көгерген қабырғалары қисая бастаған. Жұрттың көңілі алаң. Әсіресе кішкентайы барлар. Кірпіш арасындағы тесіктер жыл сайын ұлғайып барады. Баспананың іргетасы ылғи суда тұратын болғасын пәтерлердің едендері де шіріп кеткен. Бұл үйлер 3 жыл бұрын «апатты» деп танылған. Ізінше тұрғындар әкімдіктің арнайы кезегіне тұрғызылған. Алайда, ұзын-сонар кезек қысқарар емес. Былтыр бірде-бірі пәтер алмаған. «Бір жолы» дейін десек, ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына қатысуға  тұрғындардың құқы жоқ. Неге? Ал биыл біреуіне бірнәрсе тие ме? Абзал Құрманкиннің тура да, ауыспалы да мағынасында жаңғыра алмай отырғандар туралы материалы.

Орал көшесі 3 мекен-жайының тұрғыны Гүлжан Ілиясова отбасымен бірге бұл үйге 10 жыл бұрын көшіп келген. Баспаналы болған жас отбасының қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі араға бірнеше жыл салып, тұрғын үй сыр берді. Дымқыл тартқан қабырғалар қисая бастаған. Ал кірпіштердің арасында пайда болған тесіктер бірте-бірте ұлғайып келеді. Күндіз күлкіден,түнде ұйқыдан айырылған ана құйттай екі баласы үшін алаңдайды.

Гүлжан Ілиясова, Петропавл қаласының тұрғыны:

Қабырғадағы тесік жыл сайын 1-2 сантиметрге үлкейеді. Үйге жел соқпау үшін жолдасым оны құрылысқа арналған көбікпен бітеп отырады. Бірақ үйіміз қыстыгүні бәрібір салқын. Үйдің ауасы тар. Балаларым ылғи ауырады.

Тамшылай берген жаңбырға шыдас бермеген төбе де былтыр опырылып түскен болатын. Қаусап тұрған шатырдың ахуалын тұрғындар бағалай да алмайды. Мінсек құлап, мерт боламыз ба? -деп қорқады. Өткен ғасырдың орта белінде тұрғызылған тұрғын-үй 2014 жылы апатты деп танылған. Алайда тұруға жарамсыз екенін растайтын құжаттың бары не, жоғы не? -дейді бұқара. Себебі әкімдіктен бәрібір қайыр жоқ. 

Наталья Емельянова, Петропавл тұрғыны: 

Мен пәтер кезегінде 53-ші болып тұрмын. 3 жылдың ішінде әлі бір орынға да ілгері жылжыған жоқпын. Мұнда тұру қорқынышты. Түнде киіммен жатамын. Апат кезінде далаға бірден атып шығу үшін.
 

Бұл маңайдағы тұрғын үйлердің барлығы шамамен 65 жыл бұрын бой көтерген. Баспаналардыңескіргенісонша, үйжердіңүстіндеемес, топыраққабатыпкеткен. Қарашаныңбиліккеөкпесіқарақазандай.  

Людмила Логвиненко, Петропавл тұрғыны:  

Үйдің іргетасын күшейту үшін жан-жағын кірпішпен қалап тастадық. Әкімдіктің көмектесетін түрі жоқ. Көктемде үйімізді су басады. Коммуналдық қызметтің де көмегі шамалы.
 

Дымқыл тартқан іргетастың кесірінен ағаш едендер шіруге айналған. Тұрғындар едендерін жыл сайын ауыстырып отырады.  

-Там вода,не дождешься пока выкачают. Но как мы так живем? 21 век на свете, а мы в такихусловиях живем. 

Бұл үйдің кей тұрғыны пәтерлерін тастап, өзге пана іздеуге кіріскен. Ал осында қалған әлеуметтің әлжуаз тобы қаусаған үйлерге байланып отыруға мәжбүр. Қосқабатты тұрғын үй әлі экспертизадан да өтпеген. Себебі жұрт нысанды бағалау құнын көтере алмайтындарын айтады. 

Петр Даниленко, Петропавл тұрғыны: 

Үйді апатты деп тану үшін бағалау компаниясының қорытындысы қажет. Қызметтері
нің құны жүз мыңнан астам теңге. Бұл үйде зейнеткерлер ғана тұрады. Зейнетақыны шай-шекерге әзер жеткізіп жүргенде қайдағы экспертиза?

Жұрттың дабыл қағып отырғаны кездейсоқ емес. Дәл осындай халде тұрған Орал көшесіндегі 4-і үй тура бір ай бұрын құлап қалған. Абырой болғанда, адамдар дін аман. Далада қалған екі отбасыны әкімдік баспанамен қамтыған болатын. Ал назарсыз қалған үйлердіңтұрғындарына жаңа пәтер жақын арада бұйырайын деп тұрған жоқ. Апатты үйде өмір сүретіндердің былтыр бірде-бірі пәтер алмаған. 

Эльмира Смағұлова, Петропавл қаласы Тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің бас маманы: 

Қазір апатты үйлер
де тұратындардың кезегінде 187 адам бар. Оларға тек жалға беретін коммуналдық үйлерден ғана пәтер беріледі. Олар ипотекалық тұрғын-үй бағдарламасына қатыса алмайды. Себебі олардың жекеменшік жылжымайтын мүлігі бар. Былтыр жалға беретін коммуналдық үйлер тұрғызылған жоқ. Биыл салынады деп жоспарланып отыр. Бірақ оның пәтерлері тек әлеуметтің арнайы тобына берілмек. Оған соғыс ардагерлері, мүгедектер мен жетімдер кіреді. 

Абзал Құрманкин, тілші: 

Сонда жалға берілетін үйлер салынғанның өзінде апатты үйлерде тіршілік қылатындарға биыл да ешнәрсе бұйырмайын деп тұр ғой. Әкімдік апатты үйлер шоғырланған ауданда жаңа үйлер тұрғызып, тұрғындарды сонда көшіруді ойлайды. Бірақ ол ойдың қашан іске асатыны әзірге белгісіз. Билік өкілдері қам қылғанша, ескірген баспаналар құлап қалуы да мүмкін. Дастарқаны қарапайым ғана адамдар сондағы қара шайын уайымсыз ішуді армандайды. Бұл бір шектен шыққан талап емес сияқты.