Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қызылжарда апатты үйдің тұрғындары наразы

AstanaTV
24.05.2018ж. 20:00
2797
Қызылжарда апатты үйдің тұрғындары наразы

Қызылжарда апатты үй тұрғындары наразы. Береке шағын ауданының халқы басқа үйлерге көшіруді талап етуде. Өткен ғасырдың ортасында салынған баспаналардың бүгінде әбден тозығы жеткен. Тараптарды тілшіміз тыңдап қайтты. 

Тілшілерге жанайқайын жеткізу үшін Орал және Коммунальная көшелерінің тұрғындары шықты. Қос қабатты үйлер өткен ғасырдың елуінші жылдары бой көтерген. Бүгінде баспаналар әбден қаусап қалған.

Үйдің кіреберісінде жаңбыр суынан шіріген шатыр былтыр құлаған. Пайда болған ірі тесік бірте-бірте ұлғайып келеді. Ал дымқыл тартқан қабырғалар қисая бастаған. Жұрттың көңілі алаң. 

Кірпіш арасындағы тесіктердің көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Жолдасым оларды бітеп отырады. Қыста үйіміз бәрібір азынап кетеді. Шиеттей екі балам үшін алаңдаймын.

Тұрғын үйлер төменде орналасқандықтан баспаның іргетасы ылғи суға белшеден батады дейді тұрғындар. Салдарынан пәтерлердің едендері шіріп, қабырғалар көгеріп кеткен. Бұқара жыл сайын ағаш еденді ауыстыруға мәжбүрміз, деді.

Там вода. Не дождешься пока выкачают. Но как мы так живем? 21 век на свете, а мы в таких условиях живем.

Бұл үйлер 2014-2015 жылдары апатты деп танылған. Ізінше тұрғындар әкімдіктің арнайы кезегіне тұрғызылды. Алайда, ұзын-сонар кезек қысқарар емес. Жыл сайын салынып жатқан ипотекалық тұрғын үйлер бағдарламасына қатысуға  тұрғындардың құқы жоқ.

Эльмира Смағұлова, Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

Қазір апатты үйлер кезегінде 187 адам бар. Оларға тек жалдық-коммуналдық үйлерден ғана пәтер беріледі. Ал ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмайды. Себебі жеке жылжымайтын мүлкі бар.

Абзал Құрманкин, тілші:

Апатты үйдің тұрғындарына пәтер соңғы рет 2016 жылы бұйырған. Биыл жалдық-коммуналдық тұрғын үйлер салына ма? Ұзын-сонар кезек қысқара ма? Бұл жайында мен Біздің Уақыт ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына жасаған сюжетімде толық хабарлаймын.