$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жыл соңына дейін 50 активін жүзеге асырмақ

AstanaTV
25.05.2018ж. 20:00
2360
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жыл соңына дейін  50 активін жүзеге асырмақ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жыл соңына дейін 50 активін жүзеге асырмақ. Бұл туралы Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда қор басшысы Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазахстан». «Самұрық-Қазына» стратегиялық инвесторларына бірқатар компанияларының ірі активтерін іске асырмақ. Қатарында «Самұрық-Энерго" және  «Тау-Кен Самұрық»  бар.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

Биыл біз жекешелендіруге 50 активті шығарамыз. Олардың ішінде экономиканың түрлі саласындағы ірі, орта және шағын компаниялар бар. 2022 жылға дейін IPO-ға 6 компания шығарылады. Қатарында «Қазатомөнеркәсіп», «Air Astana» және «Қазақтелеком» бар. Олар биыл жүзеге асырылады. 

Ал бүгін «Самұрық-Энергоның» жаңа төрағасы болып Бақытжан Жоламанов тағайындалды. Бұл ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды. Басшыны ұжымға директорлар кеңесінің төрағасы Алик Айдарбаев таныстырды. Бақытжан Жоламанов компанияны бұған дейін басқарған Алмасадам Сәтқалиевтің орнын басты.