$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Оқушылардың 92 пайызы жазғы демалысын лагерьлерде өткізеді

AstanaTV
29.05.2018ж. 20:00
3196
Оқушылардың 92 пайызы жазғы демалысын лагерьлерде өткізеді

Оқушылардың 92 пайызы жазғы демалысты лагерьде өткізуге әзір. Білім және ғылым министрі осылай дейді. Елде бірінші және сегізінші сыныптарда оқитын 2 млн 815 мың оқушы бар. Бұл жалпы жеткіншектердің 92 пайызын құрайды. Олар жазғы лагерьлерге жазылған. Бірінші маусымнан бастап 1,5 млн балаға арнап мектептердің жанынан 12,5 мыңдай лагерь жұмыс істейді.

Министрлікке тиесілі "Балдәурен" және "Қапшағай" демалыс орындарында жылда 9 мыңдай оқушы тынығады екен. Жағдайы жоқ отбасыларына жолдама алуға биыл жергілікті бюджеттерден 4 млрд теңге бөлінген. Бүгін Үкіметте Ақтөбе облысының әкімі мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысына көңілі толмайтынын білдірді. Және Премьерге өзгеше ұсыныс айтты.

Балалар 9 ай мектепте болады одан кейін  тағы 3 ай мектепте  Көріп жүрміз ғой, мектеп жанындағы лагерьлер дұрыс жұмыс істемейді. Ұсынысымыз шатырлық лагерьлерді еңбек лагерьлерін, спорттық лагерьлерді дамытсақ.

Облыс арасында келісімшарт жасап, өздеріңіз келісіп жіберіп жатарсыздар. Мектеп жанындағы лагерьлерді ұйымдастыру өз қолдарыңызда. Мектептің жанынан емес, Ойылдың жанынан ба, Ырғыздың жанынан ба?