Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордада ашық аспан астында «Ұлы дала бірлігі» концерті өтті

AstanaTV
29.05.2018ж. 20:00
2797
Елордада ашық аспан астында «Ұлы дала бірлігі» концерті өтті

Бүгін Астанада "Open Air" концерті өтіп жатыр. Ерекше ән кеші Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған. Ашық аспан астындағы «Ұлы дала бірлігі» концертіне отандық жұлдыздармен қатар бірқатар ресейлік әншілер де келген. Бұл теңдессіз шоуды шаһар тұрғындары мен қонақтарына тарту ретінде Астана әкімдігі ұйымдастырды.  Қазақстан эстрадасындағы танымал әншілер Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Айқын, Мәдина Сәдуақасова, «Алашұлы» топтары тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қаншама қонақтар келіп жатыр. Оның барлығы Астана халықының пейілі деп білеміз. Сондықтан да Астана 20 жылдығы баршаңызға құтты болсын!

Әкімдіктің хабарлауынша, Астана күніне арналған басты салтанат  5 шілдеде өтеді. Ол «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда ұйымдастырылатын Гала-концерт болмақ. Елордада 25 маусым мен 6 шілде аралығында 60 тан астам іс-шара өтеді деп жоспарланған.