Қытай Ресейге 15 млн юаньді қолма қол ақша түрінде жіберді. Қаражатты тасымалдаудың өзіндік себептері бар. Яғни Қытай валютасына деген сұраныстың артқанын аңғартады. Әсіресе, Ресейдің қиыр шығысында. Ресми Бейжің есеп айырысуларда юаньді қолдану конвертация тәуекелдерін азайтады деген сенімде. Сондай-ақ түрлі комиссиялар көлемін төмендетеді. Бұл туралы Рейтерс хабарлады.
Бұдан
алдын Қытайдың Халық банкі юань мен рубльде транзакция жасайтын төлем жүйесін
құрған еді. Осының арқасында өзара төлемдерді
доллардың қатысуынсыз жүргізуге мүмкіндік туады. Қытай билігі юаньді
халықаралық дәрежедегі валютаға айналдыру үшін барын салуда. Ал Халықаралық
валюта қоры 2016 жылдың 1 қазанынан бастап аталған валютаны доллар, евро, фунт
стерлинг пен иен кіретін арнайы төлем құралдары қатарына енгізіп қойған.