$455 €492.13 ₽5.94
×

Белград хайуанаттар бағында ақ бизон дүниеге келді

AstanaTV
01.06.2018ж. 20:00
2135
Белград хайуанаттар бағында ақ бизон дүниеге келді

Сербия астанасы Белградтағы хайуанаттар бағында ақ бизон дүниеге келді. АҚШ-тың бизон істері бойынша Ұлттық қауымдастығының мәліметінше, мұндай жануар он миллионның ішінен біреу ғана туылады. Бұл туралы Рейтерс хабарлады. Бизонға «Душанка» деген есім берілді. Оның түп тамыры "Жан" деген сөзден шыққан. Кішкентай бұзау аман-сау, салмағы 40 келі тартады. Ал ересек бизондардың салмағы алты центнерге жетеді. Хайуанаттар бағының қызметкерлері Душанканың туылуын - жақсы ырымға балап отыр. Ақ бизон бақыт пен сәттілік әкеледі деген сенімде. 

 
orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах