Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Үш тілділікке көшу» жобасы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жазғы балалар лагерлерінде жүзеге асады

AstanaTV
06.06.2018ж. 20:00
2817
«Үш тілділікке көшу» жобасы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жазғы балалар лагерлерінде жүзеге асады

«Нұр Отан» партиясы «Үш тілділікке көшу» жобасын жазғы лагерлерде жүзеге асыра бастады. Қарағанды облысының Саран қаласында осындай лингвистикалық лагерь ашылды. Онда мектеп оқушылары қазақ, орыс және ағылшын тілдерін 3 апта бойы тегін оқиды.  Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық- техникалық колледжінен ашылған жазғы демалыс орны 120 баланы қабылдаған. Олар 1 мен 9 сынып аралығындағы оқушылар. Тәрбиеленушілер тіл, туған ел тарихы және спорттық ойындар бағыты бойынша бөлінген. Аталған оқу орнындағы «Ағылшын», «Тілашар», «Журналистика» үйірмелері жетекшілерінен дәріс алады. Оқытушылар сабақтарды әртүрлі форматтағы ойын түрінде өткізеді. Бұл жеткіншектердің ақпаратты тез қабылдауына септігін тигізеді, - дейді мамандар. Ал партия жазғы демалыс кезінде осындай тағы 5 лагерь ашуды жоспарлап отыр.

Қаракөз  Жақыпова, лагерь жетекшісі:

«Сабақтар көбінесе бізде ойын түрінде өтеді. Балалардың шығармашылық қабылетін арттыру мақсатында біз әртүрлі суреттер салғызып, аппликациялық заттар жасатып балалардың қызығушылығын арттырып отырып үйретеміз».

Нұржан Жетпісбаев, «Жас  Отан» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы:

«Бұндай лагерь облысымыздың барлық өңірлерінде ашылып жатыр. Негізгі мақсаты - еліміздің өсіп келе жатқан жастарын, жас өркенін заманға сай бейімдеу, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жалпы дәріптеу жастардың арасында».