$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне депозит жинайтын қыз-келіншектер көп

AstanaTV
07.06.2018ж. 20:00
3610
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне депозит жинайтын қыз-келіншектер көп

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашқан салымшылардың 60 пайызға жуығы - әйелдер. Олардың салымы 306 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы банк басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Оның мәліметінше, банктің 1 миллион 100 салымшысы бар. Оның 58 пайызы - әйел адамдар. Салым жинайтындардың көбі 25-35 жас аралығындағы қыз-келіншектер. Белсенді алматылықтар, олар 68 пайызды құрайды. Ал депозит ашуға аса құлық танытпайтын Маңғыстау облысының тұрғындары екен. Депозит ашқандардың 28 552-сі алғашқы жарнасын құйып, баспана алған. Банктен қарыз алушылардың да көбі әйелдер. 36-45 жас аралығындағылар, өздерінің атына баспана алу үшін ипотека рәсімдейтін көрінеді. Олар орташа есеппен 6,5 жылға алынған 6 миллион теңгелік несие.