Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Нұр Отан" партиясы 20-дан астам жаңа жобаны іске қосуға кірісті

AstanaTV
08.06.2018ж. 20:00
2697
"Нұр Отан" партиясы 20-дан астам жаңа жобаны іске қосуға кірісті

"Нұр Отан" партиясы 20-дан астам жаңа жобаны жүзеге асыру жолында жүйелі жұмыс жүргізуде. Нұротандықтар партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Цифрлы Қазақстан», «Рухани жаңғыру», шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары секілді бірқатар жобаны ұсынған болатын. Осы орайда, Елбасының партиялық жобаларды іске асыру бойынша тапсырмасын орындау бастау алды.

Бейнебайланыс арқылы өткен алқалы жиында Мәулен Әшімбаев өңірлердің дайындығын тексерді. Сондай-ақ, партия Төрағасының Бірінші орынбасары өңірлерде Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүйелі жүргізіудегі тиімді тетіктерін талқылады. Мәулен Әшімбаев жаңа партиялық жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажетігін баса айтты. Ол аймақтық филиалдарды белсенді болуға шақырып, оларға бірқатар тапсырмалар берді. 

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасымыз үлкен мәселелерді қойып отыр партияның алдына. Партияның нағыз жаңғыруының бір кезеңі басталды деп айтсақ артық болмайтын шығар. Елбасының бізге енді артып отырған үлкен үміті бар. Сол үмітті ақтаймыз деп сенемін. Ол үшін бәріміз бірге, қоян-қолтық, тығыз жұмыс істеуіміз керек. Енді нақты тапсырмалар бар. Нақты жобалар бар. Нақты графиктер бар. Солардың аясында бәріміз дұрыстап орталықта да, өңірлерде де жұмысты дұрыстап ұйымдастыруымыз керек.