$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Ақтаудағы үйлердің тозығы жеткен

AstanaTV
08.06.2018ж. 20:00
2302
Ақтаудағы үйлердің тозығы жеткен

Ақтаулықтар үйлерінің астында қаламыз деп қорқады. Өйткені пәтерлерінің тозығы жетіп, қабырғасында жарықшақ пайда болған. Амалдың жоқтығынан бүлінген жерді өздері жөндеуге мәжбүр. Үй 35 жыл бұрын салынған көрінеді. Тұрғындардың проблемаға мемлекеттік қызметкерлердің араласуын сұрап отыр.

Бір күні құлаған қабырғаның астында қалам ба деп қорқамын. Жарылған жарға мен тимесем де, көршілердің бірі тиісіп, жөндейтіні, перфоратормен тесетіні анық. Осыдан кейін онсыз да әрең тұрған жердің сау-тамтығы қалмасы анық. Қазір тіпті сықырлаған дыбыстан қорқамыз. Әкімдіктен де, басқа жауапты мекемелерден де ешқандай көмек жоқ. Ешкімнің бізге жаны ашымайды.

Ал шенеуніктер болса бұған тұрғындардың өздерін кінәлайды. Өйткені "тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасы бойынша баспанасын жөндетуге өздері келіспеген. Ал жекенің меншігіндегі үйді мемлекет есебінен жөндеу заңға қайшы екенін еске салды.

Руслан Жукенов, "Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы" ММ басшысы:

Ол үйде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасымен жөндеу туралы жиын өткізілді. Сол кезде тұрғындардың өздері бас тартты. Жалпы жөндеу ісі үй иелерінің қаржысына жүргізіледі. Ал мұндағы 24 пәтердің өз иесі бар. Ендігі мәселе - алдымен техникалық сараптама жүргізіп, сосын ғимаратты мемлекеттік бағдарламамен жөндеуді қарастыру.

Арадағы даудың қалай шешілері техникалық сараптамаға байланысты. Бірақ мұны да тұрғындар өз ақшаларына жүргізуі керек.