$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астана полициясының қызметі 27 маусым мен 8 шілде аралығында күшейтілген тәртіпке көшеді

AstanaTV
11.06.2018ж. 20:00
2615
Астана полициясының қызметі 27  маусым мен 8 шілде аралығында күшейтілген тәртіпке көшеді

Астананың 20 жылдық мерекесіне орай полиция қызметі 27 маусым мен 8 шілде аралығында күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Бұл туралы ІІМ өкілдері хабарлады. Мереке күндері қоғамдық тәртіпті қорғау шараларына 3 мыңнан аса полиция қызметкері жұмылдырмақ. Ұлттық ұланның 2 мың сарбазы да атсалысады. Бұдан басқа, сақшылардың қосымша қоры жасақталмақ. 

Алмас Сәдубаев,  ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

Ең бастысы, әуежай, теміржол бекеттері, бұлардың барлығы күшейтілген режимде. Барлық келетін пойыздар, ұшақтар, қоғамдық қауіпсіздікті көліктегі ІІД толық бақылап, күзететін болады. Сонымен қатар, Төтенше жағдай комитеті де жұмыстарын бастады. Кез келген өрт қауіпсіздігін сақтау үшін, оны болдыртпау үшін барлық арнайы шараларын өткізіп жатыр.