Негізгі / Жаңалықтар / Таразда 1 жарым жасар сәби аурухананың екінші қабатынан құлап кетті

Таразда 1 жарым жасар сәби аурухананың екінші қабатынан құлап кетті

Аурухананың екінші қабатынан құлап кеткен сәбидің жағдайы орташа. Тараздық дәрігерлер осылай деп мәлімдеді. Ақ халаттылардың айтуынша, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына бала 2 күн бұрын түскен. Оқыс оқиға бүгін орын алды. Анасы сәбиді терезе алдында ұстап тұрған, ал ашық тұрған терезеде тор болған. Абайсызда төменге құлап кеткен баланың періштесі қағып, тірі қалды. Оған бас-ми жарақаты деген диагноз қойылды. Дәрігерлер сәбидің денсаулығына алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

Азат Сәтжанов, Жамбыл облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Балаға диагностикалық ем шаралар қолданылған болатын, консилиуммен  қаралған болатын. Бас миының компьютерлік томографиясы түсірілді. Ішкі ағзаларының УДЗ әдістемелері жүргізілді. Баланың жағдайы орташа ауырлықта, баланың есі анық. Қазіргі таңда біздің нейрохирургия бөлімінде жатыр. Балаға ешқандай ауыр қауіп төніп тұрған жоқ.